Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Негізгі білім беру деңгейінің 5 - 9 - сыныптарына арналған
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)

1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – оқушылардың ақыл - ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік - эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Сонымен қатар, оқушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби - теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – оқушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
4. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой - өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы оқушылар:
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым - қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама - қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.

Бағдарламаны толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...
«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы...
«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...
«Қазақ әдебиеті» пәнінен бағыты бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу  ...

«Қазақ әдебиеті» пәнінен бағыты бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу ...

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаратылыстану - математика бағыты бойынша жаңартылған...
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы

«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағыттағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету