Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Оқытуда бағалау өлшемдерін қолдану – оқушының жоғарғы жетістігінің кепілі

Оқытуда бағалау өлшемдерін қолдану – оқушының жоғарғы жетістігінің кепілі
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс - тәжірибелер жасаудамыз.
Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзіретті ұрпақ тәрбиелеу. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алау үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Осыған байланысты оқушылар арасында түсіністік және ұжымдық қарым - қатнасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.
 Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
 Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
 Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
 Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
 Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
 Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
 Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т. б)
 Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
 Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Оқытуда бағалау өлшемдерін қолдану – оқушының жоғарғы жетістігінің кепілі

Оқытуда бағалау өлшемдерін қолдану – оқушының жоғарғы жетістігінің кепілі

Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзіретті ұрпақ тәрбиелеу. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға...
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Критериалды бағалау

Критериалды бағалау

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім...
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Жезқазған қаласы, №3 қазақ - түрік лицей – интернаты Елеуова Сәндігүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету